«Тоқта және сөйлес» акциясы нәтижесін беруде

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесі өкілінің айтуынша,өткізіліп жатқан «Тоқта және сөйлес» акциясының әскери қызметшілер арасында әкімшілік және сыбайлас жемқорлық сияқты заң бұзушылықтардың алдын алуға, заңға қарсы әрекет жасаған әскери қызметші мен олардың отбасына түскенжағдайларды шешуде маңызы зор.
Акцияның басты мақсаты – әскери қызметшілердің қылмыстық және әкімшілік заңбұзушылықтарының алдын алу, профилактикалық шараларды өз деңгейінде өткізу жәнеалдағы уақытта әскери қызметшілердің қаржылық қиыншылықтары, отбасы жағдайының бұзылуы сынды жағдайларды болдырмау.
Жиын барысында құқық бұзушылыққа жақын қызметшілерді бақылау барысы, әскери қызметшілердің моральдық жай-күйі мен тәртібін дамыту жолдары қозғалды.

Рейдтік іс-шаралар мен өткізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары барысында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция қызметкерлері аймақтағы әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық кодексінің талаптарын түсіндіріп, заң аясында қызмет атқаруға шақыруда.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, сержант