Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасы көтерілуі мүмкін

«Шынымен де қазіргі кезде полициядағы біздің қызметкерлер өте тәжірибелі, кәсіби мамандар. Олар 45-55 жаста қызметтен кетіп, зейнеткерлікке шығуға мәжбүр болады. Жұмыстан кеткеннен кейін, қазір түрлі коммерциялық құрылымдарда қызмет етіп жатыр. Біз осы мәселені көтеріп жатырмыз», – деді Е. Тұрғымбаев Сенаттағы Үкімет сағатында.
Бұл орайда ол қызметкерлердің зейнет жасына шығу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.
«Мысалы, майорлар үшін 52 жасқа дейін (плюс 4 жыл), ал подполковниковтер үшін – 55 жасқа дейін, полковниктерге 58 жасқа дейін және жоғары басқару құрамына 63 жас ескеріліп отыр», - деді министр.
inform.kz