Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен не себепті вакцина салдырттым...

Мен не себепті вакцина салдырттым...

Инфекционист дәрігер Зарина Ескендір өзінің не себепті вакцина салдыртқаны жайында былай деп баяндап берген екен. 

Біріншіден, мен жұқпалы науқастармен байланыстамын. Бұл менің жұмысым және ешқандай костюм 100% қорғамайды. 
Екіншіден, мен өзім маусым айында ауырдым және бұл жағдайды қайтадан бастан өткізгім келмейді. Сіз ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет вакцинадан кейінгі сияқты дамымайды.
Үшіншіден, мен ата-анама, туыстарыма індер жұқтырып, вирус тасымалдаушы болғым келмейді, Өйткені мен оларды күнделікті көремін және де мен оларды қорғауым керек.
Төртіншіден, мен «Спутник V» вакцинасына сенемін, өйткені оның клиникалық зерттеулерінің нәтижелері The Lancet беделді журналында жарияланды. Ол сондай-ақ әлемнің 45 елінде тіркеліп, мақұлданды, бұл вакцина британдық-шведтік AstraZeneca-дан кейін екінші орында тұр.

baq.kz
04 сәуір 2021 ж. 357 0