Байқоңыр қаласының прокуроры қызметінен кетті
Ресей Федерациясының жалдау шартындағы Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов өз қалауымен қызметінен кетті.
Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Құрметті достар, әріптестер және туыстар! Мен Байқоңыр қаласының прокуроры қызметінен ғана емес, жалпы прокуратура жүйесінен кеткенімді хабарлаймын!», – деп жазды ол.
«Бұл менің саналы қадамым. Мен ұзақ уақыт ойланып, осындай шешім қабылдадым. Бұл мен үшін қиын болды. Дегенмен, алға жылжудың уақыты келді. Өзімді мүлдем жаңа нәрседе сынап көрейін деп өз таңдауымды жасадым», – деді экс-прокурор.
Байқоңыр прокуроры болып жұмыс істеген екі жыл ішінде құрмет пен сенімділікті сезіне білген жергілікті тұрғындар Рахметовке жүздеген пікір жазып, оған сәттілік тіледі.
2017 жылдан бастап бас прокуратураның байланыс тобы бас прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.
Нұржан Рахметов Байқоңыр қаласының прокуроры қызметіне 2019 жылдың мамырында тағайындалды.
kyzylorda-news.kz