Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Республиканың басым бөлігіне антициклон ықпалынан күн ашық болады. Тек оңтүстікте, шығыста және орталықта құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
«Кей жерде тұман, найзағай, бұршақ күтіледі, жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады», – дейді синоптиктер.
Түркістан облысында кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Жамбыл облысында кей жерде тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды, кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысында кей жерде тұман түсіп, түнде және таңертең желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде желдің күші 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарағанды облысында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Қостанай облысында кей жерде тұман түседі деп болжады мамандар.
kyzylorda-news.kz