Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түскі ұйқының пайдасы

Түскі ұйқының пайдасы

Түскі астан кейін ұйқы қысатын кездер болады. Кейде мызғып алуға жатқымыз-ақ келіп тұрады. Кейде уақыт құртқымыз келмей ұйқыдан қашатынымыз тағы бар. Бірақ бұл қаншалық дұрыс?

Медицинада түскі ұйқының пайдалы екенін дәлелдеген зерттеулер көп. Мына бір зерттеуде адамның сағат 13.00 бен 15.00 аралығында маужырап ұйқысы келетіні – табиғи нәрсе. Ал денсаулыққа ең жақсысы – ағзаның қалауын орындау. Түскі ұйқы ағзаға пайдалы болғандықтан, оған тәуелді.

Тағы бір зерттеуде күндізгі ұйқы, яғни, түскі ұйқының адамға артықшылық беретіні айтылады. Түсте жарты сағат болсын ұйқыға көңіл бөлген адамның когнитивті ойлауы мен есте сақтау жақсарып, назар аудару мен қимыл-қозғалысы шапшаң болады, көңіл-күйі көтеріледі делінген.

Ал мына зерттеуде түсте ұйықтауды әдетке айналдырған адамның түстен кейінгі жұмысы өнімді болатыны айтылған. Ондай адамның әсіресе, оқу-тоқуға деген қабілеті ашылады. Сондықтан мұндай адамдарға түстен кейін тіл үйрену, сабақ қарау мен басқа да ойлауға байланысты шаруаларды шешсе болады.

Түскі ұйқы адамға кофеин мен энергия беруші препараттарды ішумен бірдей қуат береді. Есесіне, кофеин мен препараттарға тәуелділік болмайды.

Ал түскі ұйқы қаншаға созылу керек дегенге келсек, 1-2 сағаттан аспауы тиіс. Дұрысы – 1 сағат.

26 сәуір 2021 ж. 522 0