Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түскі астан кейін ұйықтап қалмаудың 6 амалы

Түскі астан кейін ұйықтап қалмаудың 6 амалы

Түскі ас ішкеннен кейін жұмысқа деген ынта жоғалып, білек сыбана кірісу кейде қиындайды. Бұл әлсіздік пе, әлде жалқаулық па? Расында, бұл – табиғи құбылыс. Жалғыз адамдар ғана емес, кей жан-жануарларда да мұндай босаңсу болады. Ғалымдар бұған табиғи заңдылық деп қарайды.
«Түсте аз уақыт көз шырымын алу – ағзаның бір қалауы» дейді зерттеушілер. Әсіресе ыстық аймақтарда түс ауа бір тынығып алу көп кездеседі екен.
Түскі астан кейін ұйқының келуі де – табиғи әрі физиологиялық құбылыс. Ал ұйқы келмеу үшін не істеу керек?
Жаттығу жасау
Түскі астан кейін оңай әрі жеңіл жаттығулар жасау керек. Эндорфин мен адреналин гормондары көбірек бөлініп,  ұйқы қашып, босаңсу бойдан арылады. Ағзаға күш жиналып, жұмысқа құлшыныс артады.
Монитордан алыс болу
Кеңседе жұмыс істейтіндер уақытының көбін монитор алдында өткізеді. Мұндай қызметкерлер үшін түскі астан кейін жарты сағат таза ауада тыныққан абзал. Болмаса бірден мониторға үңілмей, басқа іспен уақытша айналысса, ұйқы да келмейді, деннің саулығына да пайдалы.
Музыка тыңдау
Түскі астан кейін бір ауық сүйікті музыкаңды тыңдау да ұйқыдан арылтады. Бастысы – айналаңдағы әріптестерге кедергі келтірмесең болғаны. «Құлақтан кіріп, бойды алған» тамаша әуен көңіл-күйіңізді көтеріп, жаныңызды сергіте түсері анық.
Шоколад жеу
Шоколад жеу де адамға сергектік сыйлайды. Эндорфин (қуаныш гормоны) көбірек бөлініп, құлшыныс артады. Ащы шоколадтың пайдалы екенін де ұмытпаңыз.
Салқын душқа түсу
Жұмыс кезінде душқа түсуге мүмкіндік көп бола қоймас. Ал карантинде үйден жұмыс істеп жүрсеңіз бұл амал көмектеседі. Күн райы, болмаса үйіңіз жылы болса түскі астан кейін салқын душқа түсіп шықсаңыз, ұйқыңыз ашылып, бойыңыз сергіп қалады.
Түскі ас құнарына мән беру
Түс ауа сізді аса маңызды істер күтіп тұрса, оның да алдын алуға болады. Ол үшін түсте тамақтанғанда глюкоза мен көмірсуы аз ас ішіңіз. Сорпа, майға пісірілмеген ет және түрлі салаттарды жесеңіз болады. Шай да сергектік сыйлайды. Бұл – қарапайым бір жолы.
massaget.kz
26 желтоқсан 2020 ж. 550 0