Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыстан кейін жұмысты жеңілдету үшін

Демалыстан кейін жұмысты жеңілдету үшін

 massaget.kz Жаңа жыл мейрамына арналған демалыс күндері әлі де жалғасуда. Жұмысқа шыққанда қиындық тумауы үшін ұзаққа созылған демалысты қалай өткізу керек?
  Психологтардың сөзінше, ұзақ уақыт демалу күнделікті өмір тәртібіне әсер етеді. Ағзаға жаңа жағдайға бейімделу үшін уақыт керек болады. Бұндай жағдайда не істеу керек?
№1. Ұйқы режимін бұзбау керек. Психологтар демалыс күні түске дейін ұйықтауға болмайтынын айтады. Ең көп дегенде, күнделікті оянатын сағаттан бір сағат кеш оянуға боалды. Кейін жұмысқа оралғанда қайта режимге оралу оңай болады.
№2. Демалыс уақытын сапалы өткізуге тырысқан абзал. Ішімдік, кереует пен теледидар ағзаны тынықтырмайды. Кеңсе қызметкерлері демалыс күндерін белсенді өткізгені дұрыс. Ал, керісінше жиі жүретіндерге тыныққан абзал.
№ 3. Демалыс күнге алдын ала дайындалған жөн. Яғни, жоспармен жүру демалыстың сапалы өтуіне әсер етеді.
  №4. Адам өзіне уақыт табуы тиіс. Демалыс күні адам уақытының басым бөлігін өзіне арнағаны абзал.
  №5. Психологтар адамдар әр сәтінен ләззат ала алмайтнын жиі айтады. Бір уақытта бірнеше істі қатар атқара отырып, олар әр заттың құндылығын жоғалтып алады. Егер кофе ішсеңіз, ұялы телефонды ығыстырып қойып, бар зейініңізді кофе дәміне арнаңыз. Демалыс сапалы өткенде ғана жұмысқа оралу қиындық тудырмайды.
05 қаңтар 2020 ж. 592 0