Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар тамызда неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандықтар тамызда неше күн демалатыны белгілі болды

Мереке күндерін қосқанда, келесі айдың 10 күні – демалыс.Сенбі-жексенбі мен мереке күндерін қосқанда, тамыз айында қазақстандықтар он күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
Елімізде мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келіп тұр.
Ал 30 тамыз – Конституция күні. Бұл күні де қазақстандықтар демалады. 
ҚР Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Үкіметтің 2018 жылы демалыс күндерін өткізу туралы қаулысына сәйкес, қазақстандықтар 25 тамыз, сенбі күні жұмыс істейді. Ал 31 тамыз, жұма күні демалады. Осылайша, 30, 31 тамыз және 1,2 қыркүйек – демалыс күндері.

sputniknews.kz


26 шілде 2018 ж. 1 564 0