Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтарға алдағы аптадағы жұмыс күні бір күнге ұзарады. Алдағы мерекеге байланысты мемлекетте сенбі жұмыс күні ретінде жарияланды. Есесіне дүйсенбі, 30 сәуірде, демалыс беріледі, деп хабарлайды Stan.kz.

Осылайша, Қазақстан халықтарының бірлігі күні республикамызда 29, 30 сәуір және 1 мамыр күндерінде атап өтіледі.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай сенбі, 5 мамыр, жұмыс күні болып бекіді. Ал одан кейінгі 6-9 мамыр аралығы демалыс ретінде жарияланды.
Осылайша, алдағы мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады.
21 сәуір 2018 ж. 2 422 0