Қол беріп амандасудың қажеті жоқ - ғалым

Академик қол беріп амандасудың қажеті жоқ деп есептейді.
«Қол беріп, қалай болса солай бара салу деген – ол тым дөрекі. Қолды қай кезде береді? Қазақта ертеректе қолды үлкен адам өзі ұсынса ғана береді. Ал жөні жоқ қол алысу деген біздің тарихымызда, табиғатымызда болмаған жағдай.
Қол ұстасып сәлем берудің қажеті жоқ. Біздің тарихымыздың инабаттық көрінісін жаңғыртуымыз керек. Ол дәл осы кезеңге сай келіп отыр», - дейді Төрегелді Шарманов.
Жалпы, қол беріп амандасу коронавирус індеті тараған тұста да көтерілген болатын. Көпшілік пандемия кезінде қолды кеуде тұсына қойып амандасу - нағыз гигиена екенін айтып, індеттің таралуына жол бермеуге шақырды.
Мәселен, профессор Жамбыл Артықбаев қол беру қазақ арасында үш жағдайда қолданылатынын айтқан:
Біріншіден, пірге қол беру, яғни діни ғұрып шеңберінде, өзіңнің ұстазыңды таңдап алсаң соған қол беру;
Екіншіден, сауда, не айырбас жасаған екі адам, алыс-беріс болған соң «мә, береке, бер қолыңды» деп уағдадан таймасқа бір-біріне қол беріседі;
Үшіншіден, екі жақ бір дау болып, содан кейін не өзара, не би алдында салауат айтылып, қарындас болып, бітімге келетін болса бір -бірімен енді дау шығармасқа уәде етіп қол алысады.
azattyq-ruhy.kz