МӘМС бойынша онкосрининг қызметі тегін өткізіледі

Қор филиалы басшысының айтуынша, тегін онкоскринингтің үш түрі қарастырылған: сүт безі қатерлі ісігі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін), колоректальды қатерлі ісік (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер үшін), жатыр мойны обыры (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін). Скрининг тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.
Алайда, ерте сатысында анықталғанкөптеген ісіктерді емдеуге болады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруының ерте диагностикасы жақсарғаны қуантады.2020 жылдың қорытындысы бойынша 4 617 онкологиялық науқастарды емдеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 1 575,8 млн теңге бөлінді. 2021 жылы онкоскринингтерді жүргізуге 1 648,5 млн.теңге жоспарланған.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі