Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның батыс облыстарындағы антициклон және оның ықпалынан болатын жауын-шашынсыз, өте ыстық ауа-райы әлі де сақталады.
Күндізгі температура мұнда бұрынғыдай плюс 35…43°С.
Ал, Қазақстанның солтүстігіндегі циклон шығысқа ығысып келеді, сондықтан алдағы үш тәулікте нөсер жаңбыр мұнда енді болмайды.
Өткінші жаңбыр мен екпінді жел тек солтүстік облыстарда ғана емес, шығыста да, оңтүстік-шығыс пен республиканың орталығында да сақталады.
sputniknews.kz