Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтардың табиғи газға қарызы өскен

Қызылордалықтардың табиғи газға қарызы өскен

 Қызылордада пайдаланылған газға төлемейтіндердің саны артты.
Қазіргі кезде Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың қарызы 1 миллиард 246 млн теңгені құрайды.
«Жылыту маусымы аяқталуына байланысты және келесі жылыту маусымының алдында дайындық ретінде, қарызды жинау мақсатында, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қарызы бар тұтынушыларды газ жабдықтау жүйелерінен ажыратуға мәжбүр болып отыр. Өйткені тұтынушы түбіртекке сәйкес пайдаланылған газдың ақысын келесі айдың 25-не дейін төлеуі керек. Өз тарапымыздан әрдайым тұтынушыларға газ жеткізушіден тез арада төлем жасау туралы және газ жеткізуді шектеу мүмкін екені туралы ескертулер үнемі беріледі. Алайда хабарламалар жиі еленбейді», – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ермек Қалдығұлов.
Газ есептегіш құрылғыларын күтіп ұстауға және уақытылы тексеруден өткізуге меншік иесі жауапты. Газ есептегіш құрылғыларын тексеру, құрылғының шығарылған күнінен бастап, аралық тексеруге сәйкес жүргізіледі. Газ есептегіш құрылғыларының тексеру мерзімі өткен жағдайда тұтынылған тұрмыстық газ көлемін есептеу – тұтыну нормалары Қағида талаптарына сәйкес жүргізіледі.Яғни, газ есептегіш құрылғының көрсеткіші есепке алынбайды және тұтынылған газдың көлемін есептеу соңғы тексеру мерзімі өткен күннен бастап жүргізіледі.
«Тұтынушылар электрондық газ есептегіштерді механикалыққа ауыстырғаннан кейін, газ учаскелеріне бармай-ақ, kaspi.kz, homebank.kz ұялы қосымшалар арқылы онлайн сервистерді пайдалануға болады. Сондай-ақ Qiwi, Касса24 терминалдары арқылы төлей алады. Яғни, газ есептегіш смарт карталарына ақша салу үшін газ учаскелеріне барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Біздің тарапымыздан берешегі бар газ тұтынушыларға қосымша шығындарды болдырмау үшін пайдаланылған газ үшін толық төлем уақытылы жасауға шақырамыз», – деді Ермек Қалдығұлов.

kyzylorda-news.kz​​​
08 маусым 2021 ж. 496 0