Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде оқушылардың күзгі және көктемгі демалысы қысқаруы мүмкін

Елімізде оқушылардың күзгі және көктемгі демалысы қысқаруы мүмкін

Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалысы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын: 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі, – делінген білім министрінің бұйрығында.
Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының интеграциялануын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағат есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Оқу жылы ішіндегі 1-11 (12) сыныптардағы демалыс кезеңдері:
  • күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылдың 25-31 қазан аралығы);
  • қысқы демалыс – 11 күн (2021 жылдың 31 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтар аралығы);
  • көктемгі демалыс – 11 күн (2022 жылдың 21-31 наурыз аралығы);
  • бірінші сыныптардағы қосымша демалыс – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпан аралығы).
2021-2022 оқу жылындағы жазғы демалыс 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін созылады.
Қоғамдық талқылау 28 маусымға дейін жалғасады.

baribar.kz
14 маусым 2021 ж. 424 0