Мектеп оқушылары неше күн демалады?

«Оқушылардың күзгі демалысы он күн. Қарашаның 5-нен 14-не дейін жалғасады», – делінген министрлік хабарламасында.Былтыр күзгі демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталған.
Жалпы, биылғы демалыс күндеріне байланысты хабарламалар мессенджерлерде жиі таралуда. Мұның басты себебі коронавирустық пандемия болды.