Қызылордада жалған вакцинация паспортын жасаған медбике анықталды

Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жалпы бүгінгі күнге облыс бойынша коронавирустық инфекцияға байланысты жалған вакцинация паспортын ақпараттық жүйеге енгізгені үшін және жалған ПЦР-тест дайындау, өткізу, пайдалану бойынша төрт дерек тіркелді.
Қазіргі таңда бұл қылмыстық істер бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін ҚР ҚК-нің 206-бабымен және жалған құжатты дайындау, өткізу, пайдаланғаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабымен қылмыстық жауапкершіліктер көзделген, яғни ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша ең ауыр жаза төрт жылға дейінгі және ҚР ҚК-нің 206-бабы бойынша ең ауыр жаза үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
kyzylorda-news.kz