Медицина қызметкерлеріне үстемақы берілді

Жалпы, облыста коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде іс – шараларды қаржыландыру 5,48 млрд теңгені құраған. Оның ішінде: медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 1,47 млрд теңге (26,8%), ПТР диагностика қызметтеріне – 1,15 млрд теңге (20,9%), мобильді бригадалардың шығуына – 194,3 млн теңге(15,5%) бағытталған.
Сонымен қатар, МӘМС пакеті аясында осы жылдың 6 айында стационарларда 5,28 млрд теңгеге 43 107 науқас емделген. Ал 2020 жылдың 6 айында сәйкесінше 7 173 науқас 1,3 млрд теңгеге ем қабылдаған. Яғни 2020 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда науқастар саны 4 есеге ұлғайған. Оның негізгі себебі - 2020 жылдың 15 наурызынан басталған Төтенше жағдайды енгізудің салдарынан жоспарлы көмекке мәжбүрлі түрде шектеу қойылғандығы.
Айта кету керек, қазіргі таңда облыс тұрғындарының 80%, яғни 650 мыңнан астамы ғана сақтандырылған. Сақтандырылмаған 146 мыңнан астам тұрғынның басым көмшілігінің санаты жалдамалы жұмысшылар мен жеке кәсіпкерлер және біріңғай жиынтық төлем төлейтін өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар болып табылады.