Ата-анасының мәртебесі «көк» болса, бала балабақшаға қабылданады

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі қаулысына сәйкес:
– COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштер және соңғы үш ай ішінде COVID-19-бен ауырғандарды есепке алмағанда) білім беру және оқыту ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға), оқу-өндірістік кешендері және басқа да ұйым қызметкерлерінің толық жұмыс күніне шектеу қойылсын.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған ата-аналардың балаларын балабақшаларға қабылдамай жатыр делінген. Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де жоққа шығарды.
kaz.orda.kz