Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Инстаграмда» алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

«Инстаграмда» алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алаяқтар Instagram қолданушыларын алдаудың жаңа схемасын енгізе бастады. Көп шағым жіберу арқылы біреудің парақшасын бұғаттап, кейін үлкен сомада ақшаға қалпына келтіруді ұсынады. Бұл туралы «Лайфхакер» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алаяқтар Instagram-да қолданушының аты-жөнін, өмірбаянын және профильдегі суретіне дейін көшіріп, жаңа аккаунт ашады. Содан кейін олар түпнұсқа парақшаға шағым түсіреді. Ал желі түпнұсқаны көшірме деп қателесіп, шынымен бұғаттап тастайды.
Парақшаны бұғаттау үшін алаяқтар әдетте 60 доллар алады, бағасы жазылушылар санына байланысты өзгеруі мүмкін. Дәл осы алаяқтар жәбірленушіге парақшаны қалпына келтіру бойынша қызмет ұсынады және бұл үшін 3,5-4 мың доллар сұрайды.
Кейбір пайдаланушылар парақша бұғатталғаннан кейін дереу қалпына келтіру туралы ұсыныс алғанын айтады. Сонымен қатар парақшаны «тыйым салынған контент» үшін де бұғаттауы мүмкін.
Инстаграм аталған жазбаға жауап берді және осындай алаяқтық жағдайларын қарастырып жатқанын айтты. Пайдаланушыларды осындай жағдайға тап болған кезде өздеріне жазуды өтінді.
09 тамыз 2021 ж. 346 0