Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Instagram-да парақша сатқан: Алматыда жас жігіт алаяқтық жасады деп айыпталуда

Instagram-да парақша сатқан: Алматыда жас жігіт алаяқтық жасады деп айыпталуда

Алматы қаласында жас жігіт әлеуметтік желілерде алаяқтық жасады деген күдікпен тұтқындалды. Ол желіде парақша сатып, ақшаны алғаннан кейін, құпия сөзді өзгертіп, клиенттерін алдап келіпті,

Жас жігіт азаматтардың сенімін пайдаланып, Instagram желісінде жақсы қаралымға ие парақшаларды алдау арқылы сатып, сол үшін қомақты қаражат алып келген. Бұған дейін әлеуметтік желілердегі алаяқтығы үшін тұтқындалған 1995 жылғы азаматтың үстінен 16 жәбірленуші арызданыпты. 
«Ол Instagram желісінде жақсы қаралымға ие парақшаларды арзан бағаға сататыны туралы хабарландыру берген. Сөйтіп, клиенттеріне уақытша құпия сөз берген. Алайда парақшаны пайдалану мүмкіндігі болғандықтан, әр клиентінен 100 мың теңгеден басталатын қаражатты алғаннан кейін, құпия сөзді өгертіп тастапты. Артынша клиенттерін бұғаттап, өзінің қатысы жоқ екенін айтқан»,- дейді Әуезов аудандық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жасұлан Тұрыспаев. 
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол қамауға алынды.
Полиция күдіктінің әрекеттерінен зардап шеккендерден хабарласуын сұрайды: 298-53-00; 298-53-01; 298-53-05 және 8-775-728-50-55.
https://stan.kz
02 шілде 2019 ж. 993 0