Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елорда тұрғыны Instagram-да косметика сататын жалған парақша ашып, адамдарды алдап келген

Елорда тұрғыны Instagram-да косметика сататын жалған парақша ашып, адамдарды алдап келген

Елордада қылмыстық полиция 19 жастағы тұрғынды ұстады. Ол Instagram желісінде косметика сататын жалған парақша ашып, адамдарды алдап келген,

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Instagram желісінде жалған парақша ашып, косметиканың суреттерін салып, жеңілдіктер туралы ақпарат жариялаған. Осылайша, желі қолданушыларын тартып, алдын ала төлем ретінде киви-әмиянға ақша жіберуін талап етіпті.
Оған алданып қалған 25 жастағы тұрғын киви-әмиянға 280 мың теңге аударған. Артынша не тауар, не ақшасыз қалыпты. 
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 
Полиция желіде алаяқтардың белгілерін атады. Олар: сатушының телефон нөмірі мен мекен жайының болмауы; сатып алушымен тек хат алмасу арқылы байланыс құрады; тауардың бағасы өзге сатушылардың соған ұқсас ұсыныстарымен салыстырғанда өте төмен.
Сонымен қатар қалалық полиция желіде зат сатып алатын кезде тауардың бар екеніне көз жеткізуге, сатып алушымен видеобайланыс арқылы сөйлесуге, тауарды алып, тексергеннен кейін ғана ақысын төлеуге кеңес береді.

http://stan.kz 

17 маусым 2019 ж. 711 0