Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернеттегі алаяқтық. Одан қалай сақтанамыз?

Интернеттегі алаяқтық. Одан қалай сақтанамыз?

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Бүгінде kolesa.kz, adi.kz, olx.kz, dogovor24.kz сияқты кейбір сайттардағы сауда алаңдарында алаяқтық фактілері жиі кездеседі. Алаяқтар одан бөлек, фейсбук, вКонтакте, мейл.ру, одноклассники, whatsApp, telegram, instagram әлеуметтік желілерін пайдалану арқылы әртүрлі тауар, өнім, қызмет түрлерін сатуға жарнама орналастырады. 
Бұл жағдайда сандық көрсетілімі бар белгілі бір өнімді сатқанда алдын ала qiwi-әмиянға, түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді. Кейіннен шот иелерін тексерген кезде олардың өзге адамдардың атынан тіркелгені белгілі болады. Алдын ала төлем жасасқан алаяқтар жәбірленушілермен кез келген уақытта байланыста болады.
Интернет алаяқтарының құрбаны болмау үшін:
- расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз;
- кез келген жағдайда банк картасы бен шоты туралы мәліметті ешкімге бермеңіз. Әсіресе, интернет арқылы байланысқан кезде;
- интернет, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметке жоламаңыз;
- интернет порталдары арқылы мүлікті сатып алу (сату) кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз;
- төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;
- автомобиль мен оның қосалқы бөлшектерін сатып алғанда достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуді және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз.
Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз зардап шеккен болса, уақытында мына байланыс телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: 
102, 29-70-10, 29-75-20.
Кызылорда облыстық полиция департаментінің
 криминалдық полиция басқармасы

syrboyi.kz
19 ақпан 2019 ж. 1 468 0