Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы уақытта көлік құжаттарын интернет арқылы рәсімдеуге болады

Алдағы уақытта көлік құжаттарын интернет арқылы рәсімдеуге болады

Ел тұрғындарына автокөлік құжаттарын алдағы уақытта интернет арқылы рәсімдеуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жартыжылдықтың соңына дейін бір жұмысты жүзеге асырамыз деп отырмыз. Яғни автокөліктерді рәсімдеу жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйде интернет арқылы реттеледі. Демек, сіз интернет арқылы тапсырыс беріп, қажетті құжатты «Қазпошта» арқылы ала аласыз. Бұл қадам автокөлік жүргізушілеріне ұнайды деген сенімдемін. Біз осы жұмысты жүзеге асыру қажетпіз», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
18 ақпан 2018 ж. 1 245 0