Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыз қалғандарға берiлетiн әлеуметтiк төлем көлемi артуы мүмкiн

Жұмыссыз қалғандарға берiлетiн әлеуметтiк төлем көлемi артуы мүмкiн

Бүгiн «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ президентi Сәуле Дүйсенова жұмыссыз қалғандарға берiлетiн әлеуметтiк төлем жайлы айтып бердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бүгiнгi таңда жұмыссыз қалған адам әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болған жағдайда әлеуметтiк төлем алуға құқылы екенiн бiз түсiнемiз. Табыстың орнын басу пайызы - орташа айлық табыстың 30 пайызы. Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкес, табыстың орнын басу пайызы 40 пайыз болуы керек. Бүгiнгi таңда Елбасы жолдауы аясында осы процестi зерттеп жатырмыз. Параметрлiк мәлiметтердi өзгерту бойынша, оның iшiнде жұмыссыз қалғандарға төленетiн әлеуметтiк төлемдер бойынша өз ұсыныстарымызды «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» заңға енгiземiз», - дедi ОКҚ брифингi барысында Сәуле Дүйсенова.
Атап өтсек, өткен жылы қазақстандықтарға жұмыссыз қалуына байланысты 2,1 млрд теңге төлендi. Жалпы, 2017 жылы 772 мың адам Мемлекеттiк қордан 156,5 млрд теңге сомасында төлем алды.

Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
07 ақпан 2018 ж. 1 206 0