Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы Қайрат Әбдірахмановқа бірқатар тапсырма берді

Елбасы Қайрат Әбдірахмановқа бірқатар тапсырма берді

Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысындағы ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерге баса назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Қазақстан Президенті кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
14 ақпан 2018 ж. 1 048 0