Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның кондиционерден ауырып қалатыны несі?

Адамның кондиционерден ауырып қалатыны несі?

Кондиционерден, яғни, салқындатқыштан қашатан адам көп. Әсіресе,  жанына отырып қалудан қорқады. Азырақ қосып, тезірек өшіріп тастағысы кеп тұрады. Ауырып қаламыз деседі.

Өзіміз де салтқындатқышқа жақын отырып, ауырып тұмауратып қалған кездеріміз болған шығар. Мұның сыры неде? Неге кондиционер тұрған бөлме "ауру таратқыш"? Соны қарастырып көрейік.

Бұл жерде ескере кетер жайт бар. Адамды ауыртатын салқындатқыштан шыққан суық ауа емес. Кондиционер техникалық жақтан бұған қауқарсыз. Адам ауыртатын суық ауа емес, салқындатқыш тұрған бөлменің ішіндегі микроб, бактерия мен вирустар. 

Кондиционер ауаны айдаған, айналдырған сәтте, бөлме ішіндегі патогендер де ауамен айналады. Салқындатқыш тудырған ауа айналымы, яғни, конденсат құбылысы патогендердің өсіп-өнуі үшін таптырмас орта. Өте ыңғайлы. Кейде кондиционердің ішінде, ауа шығар тұсында микроағзалар қаптап кетуі мүмкін. Сондықтан оны тазалап, жуып-шайған дұрыс.

Кейде салқын азайсыншы деп, "кондерді" ақырын қосып қоятын кездер болады. Ол да дұрыс емес. Өйткені мұндай температура – вирустың көбеюіне қолайлы орта. Әрі мұрынның шырышты қабығы кеберсіп, инфекцияны тез тартып алады.

Кондиционердің фильтрін ауық-ауық ауыстырып, тазалап жуып тұрсақ әрі бөлмені ара-тұра дезинфекциялап алсақ, аяқ асты ауырып қалу да азаймақ.

massaget.kz

12 тамыз 2021 ж. 490 0