Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Судьяның жәрдемдесуімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерге қол жеткізген

Судьяның жәрдемдесуімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерге қол жеткізген

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде неке бұзу туралы және баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы екі талап сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
Татуластырушы-судья С.Бертай тараптармен әңгімелесу барысында, оларға дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, оның құқықтық салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды судьяның жәрдемдесуімен медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаттар мәлімдеген.
Осыған орай, "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және АПК-де белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып татуластырушы-судьямен медиация өткізіліп, тараптар талап қою арызы қабылданғанға дейін судьяның жәрдемдесуімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерге қол жеткізген.
Сот ұйғарымдарымен медиативтік келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. 

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі


16 тамыз 2021 ж. 183 0