Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дау тараптары жанжалды шешудің тиімді тәсілін таңдады

Дау тараптары жанжалды шешудің тиімді тәсілін таңдады

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде қарыз ақша өндіру туралы үш талап сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
Судья-медиатор тараптармен әңгімелесу барысында, оларға дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиативтік келісімдерге сәйкес, жауапкерлер берешек қарыздарын келісімдерде көзделген мерзімде төлеп құтылуға міндеттенсе, талап қоюшылар қойып отырған талаптарынан бас тартқан.
Сот ұйғарымдарымен медиативтік келісімдер бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылған.
Осылайша, тараптар талап арыз соттың іс жүргізуіне қабылданбай тұрып, жанжалды шешудің тиімді тәсілін таңдады.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызмет
і
24 қыркүйек 2020 ж. 472 0