Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыз ақша өндіру туралы даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелді

Қарыз ақша өндіру туралы даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер А-дан қарыз ақша өндіру туралы талабы сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
Талап қоюшының талабына сәйкес, жауапкер 2018 жылдың 10 қыркүйегінде талап қоюшыдан қайтарып беретін болып 260 000 теңге қарызға ақша алған. Алайда ол, өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамауына байланысты, талап қоюшы қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Судья әңгімелесу барысында тараптарға дауды татуластыру рәсімі бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын талап қоюшыға ай сайын 15 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Сол секілді, талап қоюшы К-ның жауапкер Т-дан 200 000 теңге қарыз өндіру туралы талабы бойынша да тараптар медиациялық келісімге келген.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдердің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісімдер сот ұйғарымдарымен бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
26 тамыз 2020 ж. 636 0