Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыз өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Қарыз өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Л-ның жауапкер Г-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 60 000 теңге қарыз алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы соттан алажақ қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Алайда, сотқа тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және медиативтік келісімді бекіту туралы өтініш түскен.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын талап қоюшыға шілде айынан бастап ай сайын 5 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
23 шілде 2020 ж. 538 0