Медиацияның тиімділігіне ден қойды

Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары түсіндірілген.
Осыдан кейін тараптар кәсіпқой медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын осы жылдың аяғына дейін төлеп құтылуға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі