Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Іс медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды

Іс медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Н-дан баласы үш жасқа толғанша 15 АЕК мөлшерінде алимент өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, тараптар бір-бірінен бөлек тұрады, талап қоюшы баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейді.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
Осыдан кейін тараптар кәсіпқой медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.
Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшының пайдасына баласы үш жасқа толғанша ай сайын он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы болса, өзінің қойып отырған талабынан бас тартып, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
21 қазан 2019 ж. 746 0