Дау партисипативтік рәсім тәртібімен шешілді

Істі қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша жауапкер талапты мойындап, талап қоюшы Ә-ның пайдасына баласы үш жасқа толғанша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы осы партисипативтік келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген. Партисипативтік келісімді екі тараптың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
26 шілде 2019 жылғы сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Дауды реттеудің аталған балама түрінің басқаларынан артықшылығы, адвокаттар тараптарға қолайлы нұсқаны іздейді, сондай-ақ келісімнің мәтінін құру барысында заңдылықты сақтауда білікті құқықтық көмек көрсетеді. Партисипативтік рәсімде адвокаттар өзінің сенім білдірушісі үшін барлық салдарларды ескеруге міндетті. Мұнысы алдағы уақытта келісімнің орындалуын жеңілдетеді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі