Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыз ақша өндіру туралы дау сотқа дейінгі тәртіппен реттелді

Қарыз ақша өндіру туралы дау сотқа дейінгі тәртіппен реттелді

     Арал аудандық сотында талап қоюшы Е-ның жауапкер Т-дан қарыз ақша өндіру туралы талабы сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
   Талап қоюшының талабына сәйкес, жауапкер 2019 жылдың 14 наурызында талап қоюшыдан шілде айының басына дейін қайтаратын болып, 500 000 теңге қарызға ақша алған. Алайда ол, өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамауына байланысты, талап қоюшы қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
   Судья әңгімелесу барысында тараптарға дауды татуластыру рәсімі бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
   Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын талап қоюшыға қазан айынан бастап ай сайын 20 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Сот келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
                                                                                                                   Арал аудандық сотының 
баспасөз қызметі


24 қыркүйек 2019 ж. 930 0