Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

Азаматтық іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

Арал аудандық сотында талап қоюшы У-дың жауапкер К-дан заем шарты бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
Осыдан кейін сотқа тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және медиативтік келісімді бекіту туралы өтініш түскен.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға берешек қарызын келісімде көзделген мерзімде төлеп құтылуға міндеттенген, ал талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылған.
Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
15 мамыр 2020 ж. 672 0