Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізілген татуластыру рәсімдері отбасын сақтап қалуға мүмкіндік берді

Жүргізілген татуластыру рәсімдері отбасын сақтап қалуға мүмкіндік берді

Азаматша А. Арал аудандық сотына талап арызбен жүгініп, жауапкер У-мен заңды некеде тұратынын, жауапкермен мінездерінің жараспауына байланысты келешек бірге тұрудың мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұраған.Алайда, дауды бейбіт жолмен шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы татуластырушы-судьямен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, ерлі-зайыптылар талап арыз соттың іс жүргізуіне қабылданбай тұрып, дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірген.Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Осылайша, жүргізілген татуластыру рәсімдері отбасын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
21 қыркүйек 2020 ж. 488 0