Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы медиация көмегімен сақталды

Отбасы медиация көмегімен сақталды

   Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның А-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды.Сотта талап қоюшы  жауапкермен некеде тұратынын, келешек отбасы болып онымен бірге тұра алмайтынын көрсетіп, араларындағы заңды некені бұзуды сұраған. Дауды бейбіт жолмен шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы судья С.Бертаймен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, ерлі-зайыптылар ымыраға келіп, медиативтік келісім жасауға ниет білдірген. Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
    Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

03 маусым 2020 ж. 721 0