Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация бір күнде екі бірдей отбасын сақтап қалуға ықпал етті

Медиация бір күнде екі бірдей отбасын сақтап қалуға ықпал етті

Арал аудандық сотында бір күнде екі бірдей неке бұзу туралы азаматтық істер бойынша медиациялық келісімдер бекітілді.
Талап қоюшы Т. талабында, жауапкер М-мен заңды некеде тұратынын, араларында өзара түсіністік пен бір-біріне деген сыйластықтың жоғалуына байланысты жауапкермен некелік қатынастың үзілгенін, татуласудың мүмкін еместігін, мүлікке қатысты даудың жоқ екенін, ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, осыған орай араларында тіркелген заңды некені татуласу мерзімін тағайындамай бұзуды сұраған.
Сол секілді, талап қоюшы Ж. жауапкер А-мен арасындағы некені бұзуды сұраған.
Істерді сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
Осыдан кейін тараптар сотқа азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыздары мен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаттар түсіріп, некені сақтап қалу жөнінде жасасқан келісімдерін ұсынған.
Сот ұйғарымдарымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісімдер бекітіліп, азаматтық істер өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызмет
22 мамыр 2020 ж. 581 0