Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұбайлар медиация көмегімен отбасын сақтап қалды

Жұбайлар медиация көмегімен отбасын сақтап қалды

Арал аудандық сотында талап қоюшы К-ның Д-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралып, нәтижесінде дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.
Іс құжаттарына сәйкес, тараптар некеге 2018 жылы тұрып, одан бір балалы болған. Талап қоюшы талабында, жиі орын алатын ұрыс-керіс салдарынан араларында түсіністік пен бір-біріне деген сыйластықтың қалмағанын, отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы заңды некені татуласу мерзімін тағайындамай бұзуды сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
Осыдан кейін тараптар кәсіпқой медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылған. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Осылайша жұбайлар медиация көмегімен отбасын сақтап қалды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
17 ақпан 2020 ж. 553 0