Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация рәсімі некені сақтап қалды

Медиация рәсімі некені сақтап қалды

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның К-мен арасындағы некені бұзу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.Іс құжатына сәйкес, жұбайлар 2011 жылы некеге тұрып, отбасын құрған. Талап қоюшы талабында жиі орын алатын ұрыс-керіс салдарынан араларында түсіністік пен бір-біріне деген сыйластық қалмағанын, отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы заңды некені татуласу мерзімін тағайындамай, бұзуды сұраған. Істі сот талқылауына дайындау барысында сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтақы салдары түсіндірілген. Соттың бұл еңбегі еш зая кеткен жоқ.


Кәсіпқой медиатормен тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері түсіндірілгеннен соң, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, некені сақтап қалу жөнінде келісім жасасқан.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.
Осылайша, медиация рәсімі отбасы құндылығын сақтап қалды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
15 мамыр 2019 ж. 625 0