Медиация жұбайлардың ұзақ жылдық некесін сақтап қалды
![](/uploads/posts/2018-11/medium/1542953182_111.jpg)
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай, істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтық салдары түсіндірілген. Соттың бұл еңбегі еш зая кеткен жоқ.
Тараптар сот талқылауы барысында, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа жазбаша өтінішхаттар түсіріп, екеуара некені сақтап қалу жөнінде жасасқан келісімді ұсынған.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.
Осылайша, 30 жыл бірге тұрған жұбайлардың қол жеткізген медиативтік келісімдері, отбасы құндылығын сақтап қалды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі