Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұбайлар медиация көмегімен отбасын сақтап қалды

Жұбайлар медиация көмегімен отбасын сақтап қалды

Арал аудандық сотында талап қоюшы О-ның С-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды.
Сотта талап қоюшы жауапкермен заңды некеде тұратынын, келешек  отбасы болып онымен бірге тұра алмайтынын көрсетіп, араларындағы заңды некені бұзуды сұраған.
Дауды бейбіт жолмен шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы судья Г.Нұрымбетовамен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, ерлі-зайыптылар ымыраға келіп, медиативтік келісім жасауға ниет білдірген.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
07 тамыз 2020 ж. 526 0