Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дау тараптары жанжалды шешудің тиімді тәсілін таңдады

Дау тараптары жанжалды шешудің тиімді тәсілін таңдады

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Д-дан көлік салығы бойынша қалыптасқан қарызын өндіру немесе көлігін қайтарып алып беруді сұраған азаматтық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы 2015 жылы «Toyota Carina E» маркалы автокөлігін жауапкерге сатқан, алайда сатып алушы оны өз атына рәсімдеп алмағандықтан, көлік салығы бұрыңғысынша көлік иесінің атына есептелініп, салық берешегі 55095 теңгені құраған.
Сотта тараптармен кәсіби медиатормен бекітілген дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісім ұсынылған.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер Д. салық бойынша қалыптасқан қарызды төлеуге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, қойып отырған талабынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылған. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
07 қазан 2019 ж. 560 0