Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – тиімді шешім

Медиация – тиімді шешім

   Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер К-дан көлік салығы бойынша қалыптасқан қарызын өндіру немесе көлігін қайтарып алып беруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

   Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы 2010 жылы «Nissan Primera» автокөлігін жауапкерге сатқан, алайда сатып алушы оны өз атына рәсімдеп алмағандықтан, көлік салығы бұрыңғысынша көлік иесінің атына есептелініп, салық берешегі 64083 теңгені құраған. 
Тараптар сот талқылауы барысында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

   Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер К. талапты мойындап, салық бойынша берешекті төлеуге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, қойып отырған талабынан бас тартқан.

   Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылған. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
20 тамыз 2019 ж. 666 0