Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Даудың тараптары жанжалды шешудің тиімді жолын таңдады

Даудың тараптары жанжалды шешудің тиімді жолын таңдады

Арал аудандық сотында талап қоюшы «Е» ЖШС-нің жауапкер М-ға несие беру шарты бойынша қалыптасқан қарыздарды төлеуді міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтық салдары түсіндірілген. Соттың бұл еңбегі еш зая кеткен жоқ.

Сотта тараптармен кәсіби медиатормен бекітілген, дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісім ұсынылды.
Медиативтік келісімнің шарттары бойынша, жауапкер М. несие қарызын ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ай сайын 20 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, қойған талабынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп,  азаматтық іс өндірістен тоқтатылып, төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі

27 ақпан 2019 ж. 567 0