Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы: Қызылордада күн ыстық

Ауа райы: Қызылордада күн ыстық

Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстікте, солтүстік-батыста, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.
Түркістан, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, найзағай кезінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында бұршақ жауады.
Күндіз Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
27 тамыз 2021 ж. 450 0