Студенттер дәстүрлі оқу форматына дайын

Елбасы өз сөзінде: "Халықтың білім деңгейінің жоғары болуы елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып саналады. Осыған байланысты біздің тарапымыздан жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданып жатыр", – деген болатын.
Иә, жастар – елдің болашағы. Кез келген өркениет, мемлекеттің тағдыры жас ұрпаққа, оның тәрбиесіне тікелей байланысты екені белгілі. Себебі жастарымыздың қоғамға қосар үлесі арқылы мемлекеттің болашағы соншалықты жарқын және бақытты болады. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемелдене түспек. Осы орайда, аталған оқу орнында студент жастарға білім алуына барлық мүмкіндік жасалғаны айқын көрінді.
"Толқын" ақпарат