Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттер дәстүрлі оқу форматына дайын

Студенттер дәстүрлі оқу форматына дайын

2021-2022 оқу жылының дәстүрлі оқыту режиміне қайта ауысуына байланысты қаладағы колледждердің оқу ғимараттары мен жатақханаларының оқу жылына дайындығы мен сапасы партияның басты назарында. Осыған орай, аудандық мәслихат депуттары Жұмашева Индира және Дәрмағамбетов Төребек, "Jas Otan" ЖҚ бөлімше басшысы Сабырбай Ержан қалада орналасқан Арал көпсалалы және Арал индустриалды-техникалық колледжі ғимараттарының санитарлық нормаға сәйкестігін және студенттердің білім алуға қолайлы жағдай жасалғандығын тексеру мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Елбасы өз сөзінде: "Халықтың білім деңгейінің жоғары болуы елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып саналады. Осыған байланысты біздің тарапымыздан жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданып жатыр" – деген болатын. 
Иә, жастар–елдің болашағы. Кез келген өркениет, мемлекеттің тағдыры жас ұрпаққа, оның тәрбиесіне тікелей байланысты екені белгілі. Себебі, жастарымыздың қоғамға қосар үлесі арқылы мемлекеттің болашағы соншалықты жарқын және бақытты болады. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемелдене түспек. Осы орайда, аталған оқу орнында студент жастарға білім алуына барлық мүмкіндік жасалғаны айқын көрінді.





"Толқын" ақпарат

03 қыркүйек 2021 ж. 331 0