7 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің мәліметінше, ертең Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республиканың басқа аймақтарында жауын-шашын жаумайды.
Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-батысында жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман болады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды, Ақмола облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
kyzylorda-news.kz